429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ баласы ауыр атлетикадан алты мәрте рекорд жаңартты

  • 269
  • UPD: 23:43, 24.04.2021

Отандасымыз Рахат Бекболат жұлқа көтеруде юниорлар арасындағы Азия рекордын жаңартты.

17 жастағы қазақстандық спортшы бұл жаттығуда 173 келіні басынан асырып, жаңа көрсеткішті тіркеді. Ал серпе көтеруде үш мүмкіндікті сәтті пайдаланып, үш мәрте жаһан рекордын жаңартты. Рахат Бекболаттың бұл жаттығудағы ең жоғары нәтижесі 213 келі болды. Дегенмен қос сайыс қорытындысы бойынша отандасымыз ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңіс тұғырына көтеріле алмады.

Рахат Бекболат, жасөспірімдер арасында азия чемпионы:

– Өте ауыр болды. Мен бұған дейін 173 және 213 келі салмақты көтеріп көрмегенмін. Бойымда қорқыныш пен қобалжу болды. Бұл менің жеке рекордым. Алда юниорлар арасында әлем чемпионаты болады. Онда тағы рекорд жаңартуды көздеп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы