Елордада киберспорттан Қазақстан кубогы өтеді

Ақтық сынға 14 спортшыдан құрылған 2 команда қатысады.

Олар 3 бағыт бойынша өзара сайысқа түседі. Биыл мұндай бәйге алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін карантин режиміне сәйкес осындай шараны өткізу мүмкін болмады. Ал қазір барлық қатысушы ПТР-тест тапсырды. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастырылмақ. Аренаға көрермендер жіберілмейді. Алайда қалағандар бұл доданы онлайн форматта тамашалай алады.

Евгений Богатырёв, Qazaq Cybersport Federation вице-президенті:

– Спорттың бұл түрі біздің елде үлкен қызығушылыққа ие. Отандық спортшылар 4-5 дисциплина бойынша әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Былтыр жазғы турнирге 10 мың адам қатысқан. Кейін барлық жарысты тек онлайн форматта өткізуге тура келді. Енді біз жауапты органдардың рұқсатын алып, осындай шара өткізбекшіміз. Турнирдің сыйақы қоры 1 жарым миллион теңгені құрайды.