Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияда жүлделі болды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияда халықаралық турнирге қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс нәтижесі бойынша Римма Кашафутдинова (100 м) мен Аделина Ахметова (400 м) топ жарды. 

Диана Нүсіпбекова мен Виталий Зевс (200 м) күміс жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ Вячеслав Зевс (400 м) пен Владислав Григорьев (100 м) байрақты бәсекені төртінші орынмен аяқтады.