424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Найджел Доус «Барыс» клубының құрамына оралуы мүмкін

  • 237
  • UPD: 12:47, 25.04.2021
Найджел Доус «Барыс» клубының құрамына оралуы мүмкін

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Найджел Доус елордалық «Барысқа» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Доус қазақстандық клубтың сапында 2011-2018 жылдар аралығында ойнады.«Северсталь» мен «Сібір» де хоккейшіге қызығушылық танытып отыр. 

Бұған дейін Доус 2020 жылдан бері ойнаған «Ак Барстан) кететінін хабарланған болатын. 

Плей-оффтың 14 ойынында Найджел алты (3+3) ұпай жинады. Хоккейшінің Қазан клубымен келісімшарты 30 сәуірде аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы