Германияда коменданттық сағат енгізілді

Германия коронавирус індетінің үшінші толқынымен күресіп жатыр. Науқастар саны артып, бір күнде 30 мыңнан аса адам індет ілмегіне ілінген.

Осыған байланысты елдің 325 қала мен округінде коменданттық сағат енгізілді. Тәртіпті бұзғандарға айыппұл салынады. Оның көлемі әр аймақта әртүрлі. Мысалы, Кельнде 250 еуро. Бір адамнан артық кісімен кездесуге тыйым салынды. Жаппай жиын өткізгендерді жазалау қарастырылған. Ал «қызыл аймаққа» кірген мекендерде азық-түліктен басқа дүкендердің барлығы жабылды. Оқушылар қайтадан қашықтан оқуға көшірілді.

Джанлука, Берлин тұрғыны:

- Мен індетке қарсы енгізілген шараларды қолдаймын. Тәртіпті қатаңдатса, локдаун да тезірек аяқталар еді. Ал коменданттық сағат көп қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Кешке жалғыз серуендеуге болады.