«Реал» қатарынан 19 матчта жеңілген жоқ

«Реал Мадрид» Испания Ла лигасының 32 турында өз алаңында «Бетисті» жеңе алмады, деп жазады Prosports.kz.

Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Осы ойыннан кейін мадридтік клубтың жеңіліссіз сериясы 19 кездесуге жетті. «Реал» соңғы рет биыл 30 қаңтарында жеңілген. Содан бері команда барлық турнирде 12 жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнады.

Мадридтік клуб келесі кездесуін 27 сәуірде Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында «Челсиге» қарсы өткізеді.