429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семсерлесу: Олимпиадаға жолдама алатын соңғы мүмкіндік

  • 93
Семсерлесу: Олимпиадаға жолдама алатын соңғы мүмкіндік

Соңғы мүмкіндік. Ташкентте семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күн бойы сары құрлықтың 89 спортшысы Токио олимпиадасына берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Лицензия иелену үшін семсерлесу шеберлері бұл турнирдің жеңімпазы атануы керек. Яғни қарудың қылыш, рапира, семсер түрлері бойынша бір ғана жолдама беріледі. Қазақстанның намысын Ульяна Балаганская, Тамерлан Қалиев, Құлжан Түсіпбекова, Әйгерім Сарыбай және Саттархан Назарбай қорғайды.

Айта кету керек, бұған дейін семсерлесуден Руслан Құрбанов әлемдік рейтингке сәйкес Токио олимпиадасына тікелей жолдама алған болатын.

Болат Хавлахат, ҚР ҰОК Спорт дирекциясы директорының орынбасары:

– Бұл жерде тұрған басты себебіміз – олимпиадалық лицензияға таласу. Бүгінгі алғашқы жарысты өздеріңіз көрдіңіздер, біздің жігітіміз қазір өз тобынан екінші топқа шығып отыр. Бірақ спорттық нәтиже ең соңында ғана белгілі болады ғой. Бір лицензия алсақ та аз емес.

Хабар 24 телеарнасы