Елена Рыбакина WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтинг жаңартып, үздік спортшылар тізімін түзіп шықты, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстандықтар сапынан ең жоғарғы орынды Елена Рыбакина иеленген. Ол үздік спортшылар көшінде 22-ші орынға көтерілді. Юлия Путинцева 30-шы, бір сатыға көтерілген Зарина Дияс 89-шы орында.