Семсерші Ульяна Балаганская Олимпиада жолдамасынан қағылды

Семсерші Ульяна Балаганская Олимпиада жолдамасынан қағылды

Қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская семсерлесуден Азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Ташкентте семсерлесуден Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынуда. Құрлықтық іріктеу додасында отандық атлет Ульяна Балаганская финалда қарсыласына жол берді.

Сингапурлық Абдул Рахман Кирия 15:13 есебімен Ульянаны ұтып, жолдамадан тыс қалдырды. 

Айта кетерлігі, Азия іріктеу турнирінде деңімпаз атанған спортшы Олимпиада жолдамасына иелік етеді.