427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан жастар құрамасының Түркияға қарсы матчы кейінге шегерілді

  • 129
  • UPD: 11:10, 27.04.2021
Қазақстан жастар құрамасының Түркияға қарсы матчы кейінге шегерілді

Қазақстан жастар құрамасының 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Түркияға қарсы матчы кейінге шегерілді.

8 маусым күні Ақтөбеде өтеді деп жоспарланған кездесу кейінге шегерілді, деп жазды prosports.kz.  Бұл ұсыныс Түркия тарапынан жасалынған. Өйткені Түркияда коронавируспен ауырғандар саны күрт артып, елдегі жағдай нашарлаған.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы I тобында Бельгия, Дания, Түркия, Шотландия командаларымен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы