Григорий Ломакин теннистен Мысырдағы ITF турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мысыр астанасы Каирда өткен ITF Men M15 Cairo турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұл туралы теннис федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлады. 

23 жастағы теміртаулық спортшы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған додаға Қазақстаннан жалғыз қатысты. Ол 25 жастағы германиялық Кай Вехнельтпен бірге кездесулерінің бәрін жеңіспен аяқтады. Финалда қазақстандық-германиялық жұп аргентиналық Хуан Игнасио Гапарсу – Хуан Пабло Пасты 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Оның алдында Ломакин мен Вехнельт америкалық Оливер Кроуфорд – германиялық Бенедиктіні 3:6, 6:3, 10:8, жапониялықтар Шохей Чиками – Римпей Кавакамиді 6:2, 7:6 және италиялық Даниэли Капеччи – Франческо Пассароны 3:6, 6:3,10:5 есебімен жеңді.

Сондай-ақ...