Зарина Дияс Madrid Open турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Madrid Open турнирі іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады Prosports.kz

Бірінші айналымда ол италиялық Мартина Тревизаннан басым түсті. 

1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Зарина Дияс WTA рейтингісінде 89-орында тұр.