«Реал» мен «Челси» жартылай финалда тең тарқасты

УЕФА чемпиондар лигасының жартылай финалында Мадридтің «Реал» командасы Лондонның «Челсиімен» тең түсті. Есеп 1:1.

Матчтың басынан ағылшын аяқдопшылары ойын тізгінін өз қолына алды. Нәтижесінде кездесудің 14-минутында Кристиан Пуулишич мергендік танытты. Алайда «Челсидің» қуанышы көпке созылмады. Қысқа уақыттың ішінде Эдер Милитаоның пасын сәтті пайдаланған Карим Бензема таразы басын теңестірді.

Айта кетейік, кейбір ойыншылардың жарақат алуы ойын барысына әсер еткен сыңайлы. Атап айтсақ, испандық клубта Федерико Вальвээрде, Ферлан Мендиии, Серхио Рамос, Лукас Вааскес және Тони Кросс, ал ағылшын командасынан Матео Коваачич жасыл алаңға шықпай қалды. Қарымта кездесу 5 мамырда өтеді. Қос команда бұған дейін бұл турнирде кездеспегенін де айтып кету керек.

Сондай-ақ...