429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық волейбол федерациясы маңызды турнирді кейінге шегерді

  • 109
  • UPD: 12:20, 28.04.2021
Халықаралық волейбол федерациясы маңызды турнирді кейінге шегерді

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) биылғы маусымдағы Челленджер кубогінің өтпейтінін хабарлады.

Халықаралық федерация әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты осындай шешім қабылдап отыр, деп жазды olympic.kz.

Аталған турнирге іріктеу сыны әйелдер арасында Чехияда, ерлер арасында Португалияда өтуі тиіс еді. Жарыс ережесіне сәйкес Челленджер кубогінің жеңімпаздары волейболдан Ұлттық Лигада өнер көрсетуге міндетті болатын. Алайда бұл бәсекенің бәрі коронавирусты инфекцияға байланысты биыл өткізілмейді.

Енді волейболдан Қазақстан командасы екі ірі жарысқа – Азия кубогі мен клубтар арасындағы Азия кубогіне дайындалады.

Хабар 24 телеарнасы