429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Триатлоннан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі Қапшағайда өтеді

  • 111
  • UPD: 15:04, 28.04.2021
Триатлоннан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі Қапшағайда өтеді

1-2 мамырда Қапшағай су қоймасында триатлоннан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтеді, деп жазды Prosports.kz.

Сондай-ақ шара аясында TEMIRADAM кубогы өтеді деп жоспарланған.

1 мамырда Elite категориясындағы триатлоншылар арасында ITT спринттік қашықтықтағы медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Ол үш кезеңнен тұрады: 750 метрге жүзу, 20 шақырым велосипед, 5 шақырым жүгіру.

Спортшылар 2 мамырда Қазақстан кубогымен бірдей қашықтықта өнер көрсетеді. 

Хабар 24 телеарнасы