Токио Олимпиадасы: спортшылар күн сайын коронавирусқа тест тапсырады

Жапония үкіметі Токио Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындары кезінде спортшыларға коронавирус тестін тапсыруды міндеттеу жоспарын бекітті.

Спортшылардың өздерінен бөлек, олармен тікелей байланыста болатын басқа санаттағы адамдар да күнделікті тестілеуден өтеді.

Сонымен қатар Жапония үкіметі Олимпиадаға шетелден келгендердің барлығына қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салмақ.

Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыс уақыты бір жылға шегеріліп, 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейінгі аралықта өтеді.