429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Р.Федерердің ракеткалары аукционға қойылды

  • 80
  • UPD: 08:59, 29.04.2021
Р.Федерердің ракеткалары аукционға қойылды

Әйгілі теннисші Роджер Федерердің жеке заттары аукционға қойылды.

Олардың ішінде танымал спортшының жарысқа киген аяқ киімдері мен ракеткалары бар. Мұның мәрі спортшының Үлкен дулыға турнирлеріндегі жеңістерімен байланысты екен. Жалпы саудаға 20 зат қойылған. Олардың жалпы құны бір миллион фунт стерлингке бағаланып отыр.

Айта кетейік, бәссауда Кристис аукцион үйінің ұйымдастыруымен маусымның 23-інде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы