425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайрат» «Барселонаға» қарсы ойнайды

  • 315
  • UPD: 10:30, 29.04.2021
«Қайрат» «Барселонаға» қарсы ойнайды Prosports.kz

Футзалдан «Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсетеді.

Алматылық аяқдоп шеберлері Португалияның «Бенфикасын» 6:2 есебімен ұтты. Матч басынан қазақстандық спортшылар ширақ қимылдап, қарсыластың қақпасын көздеумен болды. Алайда командаға сары қағаз көп берілгендіктен бас қақпашы Игита ойынан шеттетілді. Оның орнын алаңда 19 жастағы Нарын Серіков алмастырды. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған шетелдіктер көп ұзамай таразы басын теңестіріп, ойын қосымша уақытта жалғасты. Осы сәтте Рикардо Каканың шәкірттері 4 мәрте гол соғып, кездесу жеңімпазы атанды. Енді 1 мамырда «Қайрат» финалдық сынның жолдамасын турнирдің үш дүркін чемпионы «Барселона» клубымен сарапқа салады.

«ПСЖ» – «Манчестер Сити» 1:2

Чемпиондар Лигасының жартылай финалында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Пари Сен-Жерменді» тізе бүктірді. Есеп: 2:1. Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Матчтың 15-минутында париждік клубтың қорғаушысы Маркиньос мергендік танытты. Қонақтар қанша тырысқанымен ойынның екінші кезеңінде ғана есе қайтарды. Гол авторы - Кевин де Брюйне. Ал шабуылшы Рияд Марездің қақпаға кіргізген добы кездесудің тағдырын шешті. Командалар арасындағы қарымта матч 4 мамырға жоспарланған.

Азия іріктеу турниріне дайындық

Байдарка мен каноэ есуден Азия іріктеу турнирінің басталуына 1 апта қалды. Бұл сында қазақстандық спортшылар да өнер көрсетеді. Қазір ұлттық құрама Таиланд төрінде соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Спортшылардың көңіл күйі жақсы. Жүлде алуға барынша тырысып бағамыз дейді. Еске сала кетейік, дода 5-7 мамыр аралығында Паттайяда өтеді. Токио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын бәсекеге Қазақстан сапынан 12 спортшы қатысады. Атап айтсақ, байдаркадан ерлер арасындағы жекелей сында Кирилл Тубаев, Сергей Токарницкий, Алтынбек Қожахмет, ал әйелдер тобында  Наталья Сергеева,  Инна Клинова өнер көрсетеді. Ал жұптық сында Илья Голендов, Андрей Ергучев, Сергей және Тимофей Емельянов, бұрымдылар қатарынан Маргарита Торлопова және Светлана Усова ел намысын қорғайды.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мадридтегі WTA турнирінің финалында жеңіліп қалды. Ол cоңғы кездесуде украиналық Катерина Козловаға есе жіберді. Екеуара кездесу 6-4, 6-4 есебімен қарсыласытың пайдасына шешілді.

Хабар 24 телеарнасы