Қазақстандық балуандар Бакуде шеберлігін шыңдауда

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Бірлескен оқу-жаттығу жиыны 25 сәуір күні басталған. Аталған жиын әлемдік іріктеу кезеңіне дайындық болып саналады. 

5 мамырға дейін жалғасатын жаттығу жиынына Қазақстан сапынан барлығы 10 спортшы шақырту алған.

Олар: 

1. Нұрислам Санаев

2. Адлан Асқаров

3. Сырбаз Данияр

4. Данияр Қайсанов

5. Нұрқожа Қайпанов 

6. Әлішер Ерғали

7. Серік Бақытханов

8. Юсуп Батырмурзаев

9. Олег Болтин

10. Азамат Дәулетбеков