Токиода суға секіруден лицензиялық әлем кубогі басталады

Токиода суға секіруден лицензиялық әлем кубогі басталады

1 мамыр күні Токиода суға секіруден FINA әлем кубогі басталады.

Дүбірлі додада Олимпиада ойындарының жолдамасы да сарапқа салынады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Турнирге әлемнің 48 мемлекетінен 251 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Спортшылар 3 метрлік трамплин мен 10 метрлік мұнарадан секіруден өзара жеңімпаздарды анықтайды. Жарыс жекелей және жұптық сын бойынша өтеді. Одан бөлек, 6 мамырға дейін жалғасатын жарыс Токио Олимпиадасының лицензияларын да үлестіреді.

Суға секіруден әлем кубогінде Қазақстан атынан Елизавета Борова сынға түседі.