Хоккейден Қазақстан чемпионатының үздік ойыншылары анықталды

Хоккейден Қазақстан біріншілігінің үздік спортшылары белгілі болды.

Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлады.

Үздік қақпашы – Илья Румянцев («Арлан»).

Үздік қорғаушы – Эдгарс Сиксна («Сарыарқа»).

Үздік шабуылшы– Вадим Бердников («Арлан»).

Үздік жас ойыншы – Иван Зинченко («Ақтөбе»/«Бейбарыс»).

Биылғы Қазақстан чемпионатында қарағандылық «Сарыарқа» клубы топ жарғанын естеріңізге саламыз.