Көркем гимнастикадан ел құрамасы әлем кубогі кезеңіне қатысады

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін әлем кубогіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған байрақты бәсеке 7-9 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрама сапынан әлем кубогіне барлығы сегіз спортшы қатысады.

Атап айтқанда, Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова жекелей сайыс бойынша бақ сынайды. Жанерке Дәулетқұлова, Дария Шарафиденова, Сагина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Даяна Шаяхметова мен Алина Чернышова топтық жаттығу бойынша өнер көрсетеді.