424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзал: «Қайрат» «Барселонадан» ұтылды

  • 182
  • UPD: 15:24, 02.05.2021
Футзал: «Қайрат» «Барселонадан» ұтылды

Футзалдан чемпиондар лигасында «Қайрат» өз тарихында алғаш рет «Барселонадан» ұтылды.

Кездесу Хорватияның Задар қаласында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Алматылық «Қайраттан» қарсыластар қақпасына Диего Фаверо мен Фернандиньо гол салды. Ал испандық «Барселонадан» Феррао хет-трик жасады. Бұған дейін екі команда үш рет кездесіп, барлығында да «Қайрат» жеңіске жеткен. Атап айтсақ, қарсыластар бір-бірімен 2013, 2019 жылдары осы чемпиондар лигасының жартылай финалында және 2015 жылы финалда жолықты. Енді осы жолғы ақтық сында Барселона португалиялық Спортингпен кездеседі. Бұл ойын мамырдың төртіне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі он екіде басталады.

Хабар 24 телеарнасы