427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Манчестерде наразылық шарасынан футбол ойыны өтпей қалды

  • 100
  • UPD: 12:49, 03.05.2021
Манчестерде наразылық шарасынан футбол ойыны өтпей қалды

Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы стадионда наразылық шарасы өтіп, «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» арасындағы ойын кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүздеген жанкүйер стадион алаңына шығып, көрермендер отыратын жерге отшашулар лақтырды. Бір топ адам бас төрешінің көлігін бөгеп, стадионға кіргізбей қойған. Клуб тоқтаған қонақ үй алдында да наразылық  акциясы ұйымдастырылып, ойыншылар далаға шыға алмаған. Осыған байланысты шараны ұйымдастырушылар ойынды өткізбеуді шешті. Ал наразылық шарасына «Манчестер Юнайтедтің» Суперлигаға қатысуы түрткі болған.

Еске салайық, 19 сәуірде Чемпиондар лигасы турниріне балама ретінде жаңа лига құрылып, үлкен дау туғызған болатын. Бұдан бөлек, жанкүйерлер клубтың қожайыны Глейзерлер отбасының командадан кетуін талап етуде. Фанаттар клуб басшылығы «Манчестер Юнайтедті» табыс көзі ретінде ғана көреді деп есептейді.

Айта кетейік, америкалық ірі кәсіпкер Малькольм Глейзер аталған команданы 2005 жылы сатып алған.

Хабар 24 телеарнасы