Елордада таеквондодан республикалық турнир өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы таеквондодан екі бірдей республикалық турнирді қабылдайды деп жазады Olympic.kz.

15-18 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының V жастар ойыны өтеді. Аталған жарыс «Думан» қонақүй кешенінде ұйымдастырылмақ. 

Сондай-ақ 21-24 мамыр күндері кадеттер арасындағы ел біріншілігінің жалауы желбірейді.  Аталған турнирлер көрермендердің қатысуынсыз өтетінін естеріңізге саламыз.