Ресейдегі аралас жекпе-жек кешінде этникалық қазақ Ілияс Хамзин жеңімпаз атанды

Ресейде өткен аралас жекпе-жек кешінде этникалық қазақ Ілияс Хамзин жеңімпаз атанды.

29 жастағы спортшы рингте Бразилия өкілі Джуниор Маркестен басым түсті. Бірінші раундта Хамзин қатты соққы алды. Соған қарамастан айқасты жалғастырып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Ілияс жартылай орта салмақ санатында жетінші рет үздік шықты. Ал қарсыласы Маркес бұған дейінгі кездесулерде 10 рет жеңіп, екі рет жеңілді.