429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайсар» мен «Шахтер» тең тарқасты

  • 87
  • UPD: 10:45, 04.05.2021
«Қайсар» мен «Шахтер» тең тарқасты

Қарағандының «Шахтері» Қызылорданың «Қайсарымен» тең түсті. Есеп: 1:1.

Кеншілер қаласындағы стадион дайын болмағандықтан кездесу елордада төріндегі «Астана-Арена» стадионында өтті.

Дегенмен, бұл қарағандылық ұжымға еш әсер етпеді. Екі команда да шабуыл көбірек көңіл бөлді. «Шахтер» сапынан Виталий Балашов мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңнің соңына қарай Евгений Павлов өз қақпасына гол соғып алды.

Хабар 24 телеарнасы