Головкиннің жаңа қарсыласы кім?

Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы анықталған сияқты.

Бразилиялық былғары қолғап шебері Эскива Фалькао журналистерге берген сұхабатында біздің боксшымен шаршы алаңға шығудан үмітті екенін айтып қалған. Тіпті жекпе-жектің тамыз айында өтетінін мәлімдеді. Бокс кеші Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылмақ. Бірақ әзірге бұл жекпе-жектің өтетіні ресми түрде хабарланған жоқ.

Айта кетейік, Эскива Фалькао әуесқой бокстан біраз жетістікке жеткен. 2011 жылы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі. Бір жылдан кейін Олимпиадаға қатысып, күміс алған.