424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан АТР турнирінің үшінші айналымына өтті

  • 248
  • UPD: 23:28, 04.05.2021
Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан АТР турнирінің үшінші айналымына өтті фото: Olympic.kz

Келесі айналымда ол ресейлік Алсан Карацевке қарсы ойнауы мүмкін.

Александр Бублик Мадрид қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі 1/16 финалда канадалық Денис Шаповаловпен кездесіп, үш сеттің қорытындысы бойынша 6:4, 5:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч екі сағат 22 минутқа созылды. Бублик бұл ойында тоғыз эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде алты рет қателесті. Сондай-ақ ол 14 брейк-пойнттың үшеуін өз пайдасына аяқтады.

Енді үшінші айналымда отандасымыз Диего Шварцман (Аргентина) – Аслан Карацев (Ресей) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы