118 жастағы әйел Олимпиада алауы эстафетасына қатыспайды

Әлемдегі 118 жастағы ең қарт жапондық әйел Кане Танака Токио 2020 Олимпиада ойындарының алауы эстафетасына қатыспайтын болды.

Бұл туралы қария тұратын қарттар үйінің қызметкері хабарлады. Оның бұл шешіміне коронавирус індетін жұқтыру қаупі себеп болып отыр. Гиннес рекордтар кітабына енген Кане Танака мамырдың 11 күні Жапонияның оңтүстігіндегі Фукуока қаласында өтетін эстафетаға қатысуы керек болатын.

Айта кетейік, Олимпиада алауы эстафетасы наурыз айында басталған еді. Оған тағы бірнеше танымал тұлға қатысудан бас тартты. Мәселен, күні бүгінге дейін шараға атсалысқан 8 адамда коронавирус індеті анықталған.