Дзюдошы Д.Сүйеукенов Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Дәурен Сүйеукенов Қазанда (Ресей) өтіп жатқан Grand Slam жарысында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта белдескен ол кіші финалда чех балуаны Дэвид Пулкрабекті ұтты. 

Айта кетерлігі, аталған жүлде Дәурен Сүйеукеновтың IJF әлемдік Grand Slam кезеңіндегі алғашқы медалі болып саналады.

Сондай-ақ...