423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдодан Grand Slam турнирі: Жансай Смағұлов қарсыласын жеңді

  • 237
  • UPD: 16:53, 06.05.2021
Дзюдодан Grand Slam турнирі: Жансай Смағұлов қарсыласын жеңді

Қазанда дзюдодан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні жалғасуда.

Қазақстандық Жансай Смағұлов алғашқы белдесуін санаулы секундта аяқтады, деп хабарлады Oympic.kz. 

Турнирді екінші кезеңнен бастаған ол гамбиялық Нджие Файемен кездескен болатын. Смағұлов бұл белдесуді «иппон» ұпайымен, мерзімінен бұрын аяқтады. Жекпе-жек бір минутқа да жеткен жоқ. 

Айта кетелік, бүгін татамиге шыққан Дидар Хамза (81 келі) алғашқы қарсыласына есе жіберді. Ал турнирдің бірінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар екі қола еншіледі. 

Хабар 24 телеарнасы