427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александр Бублик Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

  • 163
  • UPD: 17:48, 06.05.2021
Александр Бублик Мадридтегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

Александр Бублик Мадрид қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің үшінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі 1/8 финалда ресейлік Аслан Карацевпен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды. Бублик ойын барысында 13 эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде тоғыз рет қателесті. Сондай-ақ ол жеті брейк жасайтын мүмкіндіктің үшеуін сәтті пайдаланды. 

Келесі кезеңдегі Бубликтің қарсыласы әлі анықталмады.

Хабар 24 телеарнасы