«Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерін вакцина алуға шақырады

Бұл орталық стадионда өтетін ойындарға бірінші болып кіруге мүмкіндік береді екен.

Мұндай қадам футболсүйер қауымды қатерлі дерттен сақтау үшін жасалғанын айтады. Қазір өңір індеттің таралуы бойынша «сары аймақта» тұр. Сондықтан спорттық шараларды көрермен қатысуымен өткізуге рұқсат берілді. Алайда стадионға кіргендердің саны 15 проценттен аспауы тиіс. Бұл шамамен екі мыңға жуық көрермен.

Әсет Жомарт, «Ақтөбе» футбол клубы баспасөз қызметінің басшысы:

– Вакцина алған жанкүйерлерге бірінші болып кіруге мүмкіндік болады. Яғни, осыған дейін ойындарға бір күн қалғанда билеттер сатылатын болса, вакцина алғандарға 2-3 күн бұрын билеттер сатылады.