426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасында финалға шықты

  • 145
  • UPD: 13:12, 07.05.2021
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасында финалға шықты

26 мамыр күні Польшаның Гданьск қаласында өтетін Еуропа лигасының финалында «Манчестер Юнайтед» пен Испанияның «Вильярреалы» кездеседі.

«Манкуниандықтар» жартылай финалда Италияның «Ромасынан» басым түсті. Рас, Римде алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірақ Уле-Гуннар шәкірттері бірінші кездесуде қарсыласын ойсырата ұтқан. Есеп 6:2. Енді олар Гданьскіде өтетін ойынға дайындық көреді.

Уле-Гуннар Сульшер, «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас жаттықтырушысы:

- Біз Олд-Траффордта өте жақсы ойын көрсеттік. Өз алаңымыздағы жеңісіміз жалпы ойынның тағдырын шешті. Бірақ бүгінгі ойынға көңілім толмады. Әсіресе екінші таймға.

Хабар 24 телеарнасы