Неймар ПСЖ-да 2026 жылға дейін қалады

Бүгін, 8 мамырда шабуылшы Неймар «Пари Сен-Жерм» футбол клубымен жаңа келісімшартқа қол қояды, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, бразилиялық ойыншы ПСЖ-мен 2026 жылдың соңына дейін жарамды келісімшарт жасасады.

Айта кетейік, ПСЖ-ға 2017 жылы «Барселонадан» ауысып келді. Сол кезде париждік клуб оның трансферіне 222 млн еуро шығындаған. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.