427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін «Джиро д'Италия» көпкүндігі басталады

  • 165
  • UPD: 12:33, 08.05.2021
Бүгін «Джиро д'Италия» көпкүндігі басталады olympic.kz

Бүгін Туринде велоспорттан 104-ші «Джиро д'Италия» додасы басталады.

Биыл жеңімпаздарды алғаш рет алқызыл жейдемен марапаттаған сәтке 90 жыл толып отыр. 1931 жылға дейін жалпы есептегі көшбасшысы ерекшелейтін нақты символдар болмаған. Алқызыл жейдені алғаш рет 1934 жылғы «Джиро» жеңімпазы, әлем чемпионы Леарко Гуэрра киді. Ал былтыр пандемияға қарамастан ұйымдастырылған жарыста ұлыбританиялық Гэйган Харт жеңімпаз атанды.  «Джиро» 21 кезеңнен тұрады. Веложарыстың кейбір бөлігі Швейцария мен Словенияны да қамтиды. Сондай-ақ велошабандоздар жеті таулы кезеңді және 200 шақымырнан асатын төрт кезеңді жүріп өтеді.  Дүбірлы сын 30 мамыр күні Миланда мәресіне жетеді. 

Хабар 24 телеарнасы