La Liga: «Реал» футболшылары «Севильядан» ұтылып қала жаздады

Ла Лиганың 35-турында «Реал» өз алаңында әупірімдеп жүріп «Севильямен» тең түсті.

Ойынның 22-минутында Фернандо қонақтарды есепте алға шығарды. Таблодағы көрсеткіш тек екінші таймда, 67-минутта теңесті.

Марко Асенсио алаңға шыға салысымен нәтижелі соққымен көзге түсті. Алайда көп ұзамай «Севилья» екінші голын соқты. Даулы жағдайда төреші «Реал» қақпасына пенальти белгіледі. Иван Ракитич мүлт кетпеді. Алаң қожайындарының абыройын матч аяқталар тұста Тони Кроос сақтап қалды. Енді «Реал» 75 ұпаймен екінші, ал «Севилья» 71 ұпаймен төртінші орында келеді.

Сондай-ақ...