Шорт-тректен Қазақстан командасы Уфада жаттығуға кірісті

Шорт-тректен Қазақстан командасы Уфада жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Команда мүшелері Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріне ұзақмерзімді дайындықты бастады. Уфадағы жаттығу жиыны екі айға созылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетелік, бұған дейін шорт-трекшілер Түркияның Анталья қаласында жаттыққан болатын.