«Жетісу» ойыншылары соңғы турдағы ірі жеңілістен кейін төбелесіп қалды

Талдықорғандық «Жетісу» футбол командасының ойыншылары соңғы турдағы ірі жеңілістен кейін өзара қақтығысып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір адам ауруханаға түсті. Жанжалды бастаған екі қазақстандық футболшы клубтан қуылуы мүмкін.

«Жетісу» футбол командасы өз алаңында «Ақтөбеден» ірі есеппен жеңілгеннен кейін өзара қақтығысып қалды. Салдарынан бір футболшы ауруханаға түсті. Бұл туралы Телеграмм-арналарының бірі хабарлады. Әлеуметтік мессенджердің авторы былай жазған: «Мен бұл оқиғаның мән-жайын анықтадым. Талдықорғандық клубтың екі тәжірибелі футболшысы – Бауыржан Тұрысбек пен Александр Кислицын өздерінен жасы кіші командаластарын алаңда барын салып ойнамағаны үшін кінәлаған. Бұған жас ойыншыларды қорғап, Аслан Жанұзақов қарсы шыққан. Сөйтіп аяқдопшылар бір-біріне жұдырық жұмсаған. Енді Тұрысбек те, Кислицын да «Жетісудан» қуылуы мүмкін». «Жетісу» турнирлік кестеде 1 ұпаймен көш соңында тұрғанын айтып кету керек.

***

«Манчестер Сити» – Премьер-лига чемпионы

«Манчестер Сити» мерзімінен бұрын Премьер-лига чемпионы атанды. Өйткені «қалалықтардың» басты бәсекелесі «Манчестер Юнайтед» бүгін түнде Лестерден ұтылып, Хосеп Гвардиоланың шәкірттерін қуып жетудің математикалық мүмкіндігін жоғалтты. Премьер-лиганың 36-турында «қызыл сойқандар» «Лестер Ситиді» Олд Траффорд стадионында қабылдап, 2:1 есебімен жеңілгенін айтып кету керек. Ал «Манчестер Сити» 35 матчта 80 ұпай жинап отыр. Осылайша, бас бапкер Хосеп Гвардиоланың басшылығымен «қалалықтар» үш рет чемпион болып отыр.

***

Канелоның келесі қарсыласы К.Плант болуы мүмкін

Таяуда ғана британдық боксшы Джо Сондерсті жеңген Сауль «Канело» Альварес биыл тағы бір жекпе-жегін өткізгісі келеді. Және оның келесі қарсыласы америкалық Калеб Плант болуы мүмкін. Бұл туралы Talksport.com тілшісі Майкл Бенсон твиттер парақшасында хабарлады. Мексикалық боксшының промоутері Эдди Хирн IBF чемпионы Калеб Плантпен кездесу ұйымдастыруға қазірден бастап кірісіп кеткен. «Эдди Хирн осы аптада «Канело» мен Плант жекпе-жегі бойынша келіссөздер басталатынын айтты. Спорттық кешті өткізу орны ретінде Лас-Вегастағы Allegiant Stadium стадионы таңдалды. Канело Мексиканың Тәуелсіздік күні шаршы алаңға оралады. Кездесу 18 қыркүйекке жоспарланған», - деп жазды Бенсон.