Чемпиондар Лигасының финалы Порту қаласында өтеді

Чемпиондар Лигасының финалы Порту қаласында өтеді, деп хабарлайды The Times.

Бұл туралы УЕФА бүгін ресми түрде жариялайды. Бұған дейін шешуші матчты Лондонда және Бирмингем қаласындағы «Вилла Парк» стадионында өткізу ұсынылған еді. Бірақ Британия билігі карантиндік шектеулерді жеңілдетуден бас тартты.

Еске сала кетейік, әу баста ақтық ойынды өткізу орыны ретінде Ыстамбұл қаласы таңдалған болатын. Алайда Британия үкіметі вирус жұқтыру қауіпі бойынша Түркияны «қызыл тізімге» қосты.

Еске сала кеткен жөн, финал 29 мамыр күні «Манчестер Сити» және «Челси» командалары арасында өтеді.