425,78 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық футболсүйер қауым өз командасына стадионға барып қолдау көрсете алады

  • 199
  • UPD: 11:47, 13.05.2021
Елордалық футболсүйер қауым өз командасына стадионға барып қолдау көрсете алады

Елордалық футболсүйер қауым бұл маусымда алғаш рет өз командасына стадионға барып қолдау көрсете алады.

Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, стадионды көрерменмен 20% толтыруға ғана рұқсат.

Жанкүйерлердің қатысуымен алғашқы матч «Астана» - «Жетісу» командалары арасында өтеді. Кіру тегін. Бірақ стадионға кіру кезінде міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлік пен ASHYQ қосымшасы болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режим де сақталуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы