427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жылдың ең табысты спортшысы кім

  • 174
  • UPD: 12:49, 13.05.2021
Жылдың ең табысты спортшысы кім

Forbes журналы жылдың ең табысты спортшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлады Prosports.kz.

Тізімде UFC файтері Конор Макгрегор көш бастап тұр. Ирландиялық файтердің біржылдық табысы 180 миллион долларға бағаланған.

Рейтингінің екінші орнында футболдан «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұр, журнал оның табысы 130 миллион доллар деп көрсеткен. Ал үздік үштікті «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 120 миллион доллармен түйіндеді.

Конор Макгрегордың табысының көп бөлігі виски бренді арқылы түскен. Ал Месси мен Роналдудың негізгі табысы жарнамалық келісімшарттар екен. Үздік ондыққа үш футболшы, екі баскетболшы және екі америкалық футбол өкілі кірген. Тағы бір-бірден ММА, теннис пен автожарыс спортшылары бар. 

Жылдың ең табысты ТОП-10 спортшысы:

  1. Конор Макгрегор (ММА, UFC) – 180 миллион доллар.
    2. Лионель Месси («Барселона», футбол) – 130 миллион доллар.
    3. Криштиану Роналду («Ювентус», футбол) – 120 миллион доллар.
    4. Дак Прескотт («Даллас Ковбойс», америкалық футбол) – 100 миллион доллар.
    5. Леброн Джеймс («Лос-Анджелес Лейкерс», баскетбол) – 96,5 миллион доллар.
    6. Неймар (ПСЖ, футбол) – 95 миллион доллар.
    7. Роджер Федерер (теннис) – 90 миллион доллар.
    8. Льюис Хэмилтон («Мерседес», «Формула-1») – 82 миллион доллар.
    9. Том Брэди («Тампа-Бэй Бакканирс», америкалық футбол) – 76 миллион доллар.
    10. Кевин Дюрант («Бруклин Нетс», баскетбол) – 75 миллион доллар.
Хабар 24 телеарнасы