Хоккейден Қазақстан командасы Ригада бірнеше жолдастық кездесу өткізеді

Шайбалы хоккейден Қазақстан командасы әлем чемпионатына қатысу үшін Рига (Латвия) қаласына барды, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстандықтар біріншілік қарсаңында Украина құрамасымен екі рет жолдастық кездесу өткізеді. Алғашқы кездесу бүгін, 13 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. Екінші кездесу 15 мамырға жоспарланған. 

Айта кетелік, хоккейден әлем чемпионаты 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Қазақстан командасы В тобында сынға түседі.

Сондай-ақ...