Роналду теңдессіз рекорд орнатты

Италия А сериясының 36-туры аясында «Ювентус» сырт алаңда «Сассуолоны» 1:3 себімен жеңді, деп жазды Prosports.kz.

Осы ойында «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду бір гол соқты. Бұл оның туриндік клуб сапындағы 100-голы болатын.

Осылайша, потугалиялық футболшы үш түрлі клубта және ұлттық құрамада 100 немесе 100-ден көп гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Айта кетейік, Роналду Португалия құрамасы сапында 103, «Манчестер Юнайтедте» 118, «Реал Мадридте» 451, ал «Ювентуста» 100 гол соқты.