Қазақстан Премьер-лигасының XI тур ойындары басталды

Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 11-тур ойындары басталады. Бірінші матч қарағандылық «Шахтер» және түркістандық «Тұран» командалары арасында өтеді.

Алғашқы бестікке кірген оралдық «Ақжайық» соңғы матчтарда жолы болмай жүрген алматылық «Қайратты» қабылдайды.

10-турда ірі есеппен жеңіске жеткен «Ақтөбе» Қобыланды батыр стадионында қызылордалық «Қайсарды» сынап көреді.

Көш бастап тұрған азулы «Астана» турнир кестесінде соңғы орында тұрған талдықорғандық «Жетісумен» кездеседі. Ал сенбі күні петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында ақтаулық «Каспиймен» ойнайды. Жүлделі орыннан үмітті қостанайлық «Тобыл» Қажымұқан атындағы стадионда кезекті 3 ұпайын алуға тырысады. Турды «Атырау» мен «Тараз» арасындағы матч түйіндейді.