425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның хоккей құрамасы Беларусьті жеңді

  • 226
  • UPD: 12:41, 14.05.2021
Қазақстанның хоккей құрамасы Беларусьті жеңді

Хоккейден Латвияда өтетін әлем біріншілігі алдында Қазақстан құрамасы Беларусьті жеңді. Шешуші матчта Юрий Михайлис шәкірттері қарсыластың қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Осылайша шабуылшы Кёртис Волк пен қорғаушы Даррен Диц командасын алға шығарды. 

Беларусь құрамасының ойыншылары буллит сериясында мықтылық танытты.

Ертең қос команда әлемдік додаға дайындық аясында тағы бір жолдастық матч өткізеді.

Еске сала кеткен жөн, біріншілік 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Ұлттық құрама турнирді 22 мамыр күні мұз айдыны қожайындарына қарсы ойынмен бастайды. Команда капитаны болып Әлихан Әсетов таңдалды. Отбасылық жағдайына байланысты қақпашы Хенрик Карлссон жарысқа қатыса алмайтын болды. Оның орнына Ригаға теміртаулық Демид Еремеев барады.

Хабар 24 телеарнасы