La Liga: «Реал Мадрид» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді

«Реал Мадрид» сырт алаңда «Гранаданы» жеңіп, Ла Лиганың турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Зинедин Зидан шәкірттері қарсылас қақпасына 4 гол тоғытса, алаң қожайындары абырой голымен ғана шектелді. Корольдік клуб сапында хорватиялық Лука Модрич, франциялық Кәрім Бензема және Альваро Одриосола ерекшеленді.

Қонақтар 78 ұпай жинап, басты қарсыласы Барселонадан 2 ұпайға алда келеді. Бірақ мадридтік «Реал» мен көш басындағы «Атлетико» арасында да 2 ұпай айырмашылығы бар.