Атырауда бокстан V жастар ойындары өтеді

Атырауда бокстан Қазақстан Республикасының V жастар ойындары өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

V жастар ойындары аясындағы бокс бәсекелері 17-23 мамыр аралығына жоспарланған. Сайыс 2003-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша ұйымастырылады. Онда еліміздің барлық өңірлерінен 370-ден астам былғары қолғап шеберлері бақ сынамақ.

Төрт жылда бір келетін ойындарға жақында ғана әлем чемпионатында қатысқан боксшылар да бақ сынамақ. Жарыс барысын Атырау бокс федерациясының ютуб желісінен тікелей эфирде көрсетіледі.