Еуро-2020 футбол додасының ресми әнұраны таныстырылды

Пандемияға байланысты бір жылға кейінге шегерілген Еуро-2020 футбол додасының ресми әнұраны таныстырылды.

Ағылшын тілінен аударғанда «Біз адамбыз» деп аталатын синглды белгілі диджей Мартин Гаррикс пен Ю-ту (U2) тобы жазған.

Көпті күттірген кәрі құрлық біріншілігі 11 маусым мен 11 шілде аралығында Еуропаның 11 елінде өтеді. Матчтар Мюнхен, Лондон, Рим, Амстердам, Копенгаген, Глазго, Севилья мен Будапешт, сонымен қатар Бухарест, Баку және Санкт-Петербург қалаларында болады.

Ал жартылай финалдық ойындар мен ақтық жарысты Уэмбли стадионында өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ...